Мектепке дейінгі білім беру және мектепалды сыныптар бойынша тәжірибелік алаң өтті

Мектепке дейінгі білім беру және мектепалды сыныптар бойынша тәжірибелік алаң өтті

БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ: ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ ЖӘНЕ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

2026 жылғы 26 тамызда Сәтбаев қаласындағы №16 жалпы білім беретін мектепте «Жаңа халықтық Конституцияның нормалары мен құндылықтары: адами капиталды дамыту – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» тақырыбындағы білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз конференциясы аясында мектепке дейінгі білім беру және мектепалды сыныптар бойынша тәжірибелік алаң ұйымдастырылды.

Тәжірибелік алаң жұмысына мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері мен мектепалды сынып мұғалімдері қатысып, өздерінің озық тәжірибелерімен бөлісті.

Мектепке дейінгі білім беру бағыты бойынша педагогтер жасанды интеллектіні білім беру үдерісінде тиімді қолдану, оның ішінде балалардың шығармашылығын, қиялын және сөйлеу дағдыларын дамытудағы мүмкіндіктері туралы практикалық тәжірибелерін ұсынды.

Оспанова Жанагүл Құнтуғанқызы – «Қиял қанатында: ЖИ көмегімен жазылған ғажайып ертегілер!»;

Құрманғали Гүлжазира Жұмажанқызы – «Балабақшадағы жасанды интеллект: тәрбиешінің жұмысын жеңілдету және білім сапасын арттыру»;

Смайлова Альбина Бахитовна – «От картинки к слову: использование искусственного интеллекта в речевом развитии детей»;

Нуртазаева Айгерім Мынбайқызы – «Балабақшадағы жасанды интеллект: педагогтің жаңа мүмкіндіктері» тақырыптарында тәжірибелерімен бөлісті.

Сонымен қатар, мектепалды сыныптардың секциялық отырысында ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрді ойын арқылы меңгерту, балалардың логикалық ойлауын және зерттеушілік белсенділігін дамыту мәселелері қарастырылды.

Секция барысында:

Хужаева Улжамал Бахитовна – «Жеті күндік ұлттық құндылықтар, салт-дәстүрді ойын арқылы меңгерту»;

Шакпутова Асыл Маратовна – «Развитие логического мышления в дошкольном возрасте»;

Агадилова Сымбат Сайлауқызы – «Балалардың зерттеушілік белсенділігін қалыптастырудың тиімді жолдары» тақырыптарында баяндамалар жасады.

Іс-шара барысында педагогтер арасында тәжірибе алмасу, кәсіби пікір бөлісу және білім беру үдерісіне заманауи технологияларды енгізу бойынша тиімді идеялар ұсынылды.

Заманауи педагог – жаңа мүмкіндіктерді меңгерген, баланың дамуына бағытталған шығармашыл тұлға!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-satpaev/press/news/details/1311117?lang=kk