«Тамыз кеңесі – 2026» | «Цифрлық білім беру» секциясында Сәтбаев қаласының педагогтері жасанды интеллектіні білім беру үдерісінде тиімді қолдану тәжірибелерімен бөлісті.
Соколовский Е.Е. - процестерін автоматтандыру және ЖИ көмегімен цифрлық өнімдер жасау мүмкіндіктерін таныстырды.
Шек Ю.С. – ЖИ арқылы сабаққа дайындықты жеңілдетіп, мұғалім уақытын үнемдеу жолдарымен бөлісті.
Плошенко О.Ю. – педагогикалық идеяларды интерактивті ойын, тест және виртуалды зертханаға айналдыру тәсілдерін көрсетті.
Шәкенова М.Қ. – ЕББҚ оқушыларға арналған бейімделген тапсырмалар мен оқу материалдарын ЖИ көмегімен әзірлеу мүмкіндіктерін таныстырды.
Елеусизова Қ.С. – ЖИ арқылы қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын құрастыру және жедел кері байланыс беру тәжірибесімен бөлісті.
Басты ой: ЖИ мұғалімді алмастырмайды – оның мүмкіндігін кеңейтіп, уақытын үнемдеуге және сапалы білім беруге көбірек көңіл бөлуге көмектеседі.