«ТАМЫЗ КЕҢЕСІ – 2026»
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНДЕРІНІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ АЛАҢЫ
«Тамыз кеңесі – 2026» аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің тәжірибе алмасуына, заманауи білім беру үрдістерін талқылауына бағытталған мазмұнды алаң ұйымдастырылды.
Секция барысында педагогтер өздерінің кәсіби ізденістері мен шығармашылық идеяларын ортаға салып, білім алушылардың қызығушылығын арттыруға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісті.
Бұқар Амангелді Оразұлы, С.Сейфуллин атындағы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:«Дарынды балаларды шығармашылыққа қалай баулимыз? Қайтпек керек?»
Абаева Ақниет Абайқызы, Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:
«Цифрлық портфель – қазақ тілі мұғалімінің заманауи көмекшісі»
Болат Аружан Рамазанқызы, Абай атындағы №4 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:
«Жасанды интеллект – мұғалімнің көмекшісі: сабаққа дайындықты жеңілдету жолдары»
Агибаева Айнаш Жалгасовна, Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:
«Қазақ тілі сабағында цифрлық ойын технологияларын қолдану»
Жетписбаева Анара Алпысбаевна, №5 жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:
«Жасанды интеллект – қазақ тілі мұғалімінің цифрлық көмекшісі»
Исабек Нұрсая Жанатқызы, Абай атындағы №4 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:
«Этно-Тon Ұлытау: Ұлытаудың тарихи ескерткіштерін орыс сыныптарына заманауи мультфильм стилінде таныстыру»
Есмаганбетова Калдыгуль Абикеновна, Ә.Марғұлан атындағы жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:
«Қазақша хабарламаның мағынасын жеткізудегі эмодзидің рөлі»
Дарынды оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, цифрлық ресурстарды тиімді пайдалану, жасанды интеллект мүмкіндіктерін сабақ үдерісіне енгізу, ұлттық құндылықтарды заманауи форматта насихаттау мәселелері қамтылды.
Заманауи педагог – жаңашылдықты меңгеріп қана қоймай, оны шәкіртінің шығармашылық әлеуетін ашуға бағыттай білетін тұлға.
Шығармашылық ізденіс. Цифрлық мүмкіндік. Ұлттық құндылық. Заманауи сабақ.