Тарих мұғалімдері оқытудың заманауи тәсілдерін таныстырды

Тарих мұғалімдері оқытудың заманауи тәсілдерін таныстырды

«ТАМЫЗ КЕҢЕСІ – 2026»

Тарих пәнін оқытудың заманауи тәсілдері

Секция барысында ұстаздар тарихты оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдермен бөлісіп, тарихи деректерді талдау, жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану және Конституция тақырыбын оқушыларға қызықты әрі түсінікті жеткізу жолдарын ұсынды.

Беркимбаева Индира Калиевна, Ә.Марғұлан атындағы жалпы білім беретін мектебінің тарих пәнінің мұғалімі:

«Тарих сабақтарында тарихи деректермен жұмыс істеу әдістемесі»

Шадиева Гулнур Бленовна, №7 жалпы білім беретін мектебінің тарих пәнінің мұғалімі:

«Мұғалім уақытын үнемдейтін AI: сабақ құрылымын әзірлеудің жаңа тәсілдері»

Оразбек Шолпан Қиярқызы, Абай атындағы №4 мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі:

«От теории к практике: как сделать уроки по Конституции Республики Казахстан интересными и эффективными»

Баяндамалар барысында педагогтер тәжірибелік жұмыстар, нақты әдістемелік тәсілдер мен заманауи цифрлық құралдарды сабақ үдерісінде тиімді қолданудың мүмкіндіктерін көрсетті.

Тарихты оқыту – өткенді баяндау ғана емес, дерекке сүйеніп ой қорытуға, тарихи сананы қалыптастыруға және ел болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Секция барысында педагогтерге әдістемелік нұсқау хаттың жобасы ұсынылып, ондағы өзгерістер айтылды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-satpaev/press/news/details/1311114?lang=kk