«ТАМЫЗ КЕҢЕСІ – 2026»: «ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП» СЕКЦИЯЛЫҚ ОТЫРЫСЫ
2026 жылғы 26 тамызда Сәтбаев қаласында «Тамыз кеңесі – 2026» аясында білім беру қызметкерлерінің «Оқуға құштар мектеп» тақырыбындағы секциялық отырысы өтті.
Секциялық отырыс «Жаңа халықтық Конституцияның нормалары мен құндылықтары: адами капиталды дамыту – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» тақырыбы аясында ұйымдастырылды.
Жиынның негізгі бағыттарының бірі – білім алушылардың оқу мәдениетін қалыптастыру, оқырмандық сауаттылығын арттыру және мектеп ортасында кітап оқуды тұрақты құндылыққа айналдыру мәселелері болды.
2026–2027 оқу жылына арналған Әдістемелік нұсқау хатта оқу мәдениетін дамыту «Зерделі ұлт» жалпыұлттық бастамасын іске асырудың маңызды бағыты ретінде қарастырылған. Құжатта оқуға қызығушылықты арттыру, қолайлы оқырмандық орта қалыптастыру, мәтінді талдау, сыни және талдамалық ойлауды дамыту міндеттері айқындалған. Сонымен қатар барлық пәндік салаларда кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға және «12 ай – 12 кітап» жобасын жүзеге асыруға басымдық берілген.
Секциялық отырыс барысында мектеп кітапханаларының тәжірибесі, оқушыларды кітап оқуға қызықтырудың тиімді әдістері, оқырман клубтарының жұмысы және оқу мәдениетін қалыптастырудың заманауи тәсілдері талқыланды.
Іс-шарада:
«Менің кітапханам: тәжірибе, нәтиже, мүмкіндік»;
«Кітап оқу – ой белсенділігі» жобасы;
оқырман клубтарының жұмыс тәжірибесі;
«Парасат майданы» – оқырман клубының тәжірибесі тақырыптарында баяндамалар мен тәжірибе алмасу ұйымдастырылды.
Іс-шара соңында қатысушылар пікір алмасып, сұрақтарына жауап алды. Жиын қорытындысы бойынша білім алушылардың кітап оқу мәдениетін дамытуға, мектеп кітапханаларының жұмысын жандандыруға және Оқырман ұлт идеясын одан әрі ілгерілетуге бағытталған ұсыныстар айтылды.