«Мектепке жол» акциясы – жүректен шыққан ізгілік
Қайырымдылық – жүректен басталып, игілікке ұласатын ізгі жол. Бір балаға көрсетілген көмек – бір отбасыға қуаныш, бір оқушыға сенім, ал қоғамға мейірім сыйлайды.
Жалпыреспубликалық «Мектепке жол» акциясы аясында Сәтбаев қаласында 100 балаға мектепке дайындалуға көмек көрсетілді.
Бұл игі іске қолдау көрсетіп, демеуші болған «Қазақмыс» Корпорациясы, балаларға рюкзактар мен қажетті мектеп құралдарын табыстап, жаңа оқу жылына дайындықтарына өз үлесін қосты.
Жақсылық жасау – үлкен мүмкіндікті күтуді қажет етпейді. Кейде бір балаға айтылған бір ауыз жылы сөз бен кішкентай ғана қолдау оның көңілінде болашаққа деген үлкен үміт оятады.
Осындай игі бастамалар – қоғамдағы мейірімділік пен жанашырлықтың жарқын көрінісі. Баланың қуанышы – елдің қуанышы. Ал жас ұрпаққа жасалған қамқорлық – болашаққа жасалған ең ізгі инвестиция.
«Қазақмыс» Корпорациясына Кеншілер қаласының балаларына көрсеткен қолдауы мен қайырымды ісі үшін шынайы алғысымызды білдіреміз!
Әр баланың жаңа оқу жылы сәтті басталып, білім жолындағы қадамы нық болсын!