Қазақстан халқы тілдері күніне орай Сәтбаев педагогтері «Тіл – татулық тірегі» облыстық фестивалінде марапатталды.
С. Сейфуллин атындағы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бұқар Амангелді Оразұлы «Үздік қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы» номинациясына ие болды. Әдіскер Соколовский Евгений Евгеньевич «Тіл шебері – 2026» номинациясымен және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды. № 3 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Оразалы Бағлан Дүйсебекұлы «Үздік бейнеролик – 2026» номинациясына ие болды.
Қалалық «Тіл – құрал» тілдерді оқыту әдістемелік орталығы «Ұлт байлығы – туған тіл» әдеби-сазды кешін өткізді. Іс-шара аясында қала әкімдігінің «Тіл жанашыры» марапаттары табысталды.
«Ұлағатты ұстаз» номинациясымен С. Сейфуллин атындағы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Исанкулова Гүлбану Ғалымжанқызы; «Тіл майталманы» номинациясымен Б. Момышұлы атындағы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Досанов Мәди Данаұлы; «Үздік оқытушы» номинациясымен Абай атындағы мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кенжебаева Айжан Бекболатқызы марапатталды.