«Ақбота» бөбекжайына мемлекеттік аттестаттауға дайындық бойынша әдістемелік қолдау көрсетілді

«Ақбота» бөбекжайына мемлекеттік аттестаттауға дайындық бойынша әдістемелік қолдау көрсетілді

2026 жылғы 17 қыркүйекте Сәтбаев қаласындағы «Ақбота» бөбекжайына мемлекеттік аттестаттауға дайындықты жетілдіру бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.

Мемлекеттік аттестаттаудың негізгі талаптары мен бағалау критерийлері түсіндірілді. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, қажетті құжаттарды жүйелеу және ішкі бағалауды тиімді жүргізу бойынша ұсынымдар берілді.

Әдістемелік жұмысты Ұлытау облысының әдістемелік орталығының бөлім басшысы Жолдыбаева Думан Спатаевна жүргізді. Қолдау жұмыстарына әдістемелік кабинет меңгерушісі Жунусова А.Д. және әдіскер Г. Байтоканова қатысты.

Әдістемелік қолдау мектепке дейінгі ұйымның аттестаттауға жүйелі дайындалуына, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін және білім беру қызметінің сапасын арттыруға бағытталған.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-satpaev/press/news/details/1311104?lang=kk