«Ақберен» байқауының қалалық кезеңінің қорытындысы

«Ақберен» байқауының қалалық кезеңінің қорытындысы

«АҚБЕРЕН»

өнер байқауының қалалық кезеңі

Өнерлі ұрпақ – елдің рухани байлығы!

2026 жылғы 12 қазанда «Сәтбаев қаласы білім бөлімі» ММ әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 8–11-сынып оқушылары арасында республикалық «АҚБЕРЕН» байқауының қалалық кезеңі өткізілді.

Ұлттық құндылықтарды дәріптеу, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, шешендік өнерге, көркем әдебиетке және ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыруды мақсат еткен байқауда жас дарындар өздерінің білімін, өнерін, тапқырлығы мен шығармашылық ізденістерін ортаға салды.

Қазылар алқасының шешімімен байқаудың төрт бағыты бойынша үздік нәтиже көрсеткен оқушылар жүлделі орындарға ие болды.

«Шешендік өнер және сөз сайысы» бағыты бойынша:

І орын – Алпысбай Асанәлі, №27 жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;

ІІ орын – Смагулова Айзере, С. Сейфуллин атындағы гимназиясының 10-сынып оқушысы;

ІІІ орын – Бағдат Асылтас, Абай атындағы №4 мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы.

«Көркемсөз оқу» бағыты бойынша:

І орын – Мейрам Жанерке, С. Сейфуллин атындағы гимназиясының 9-сынып оқушысы;

ІІ орын – Бақыт Камилла, №27 жалпы білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;

ІІ орын – Бейсенбай Гүлназ, №3 жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;

ІІІ орын – Жалғаспай Әлия, Қ. Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;

ІІІ орын – Рүстем Інжу, №7 жалпы білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;

ІІІ орын – Ерболатұлы Айсұлтан, Абай атындағы №4 мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы.

Алғыс хат иегері – Дусаева Жасмина, Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы.

«Ұлттық аспапта орындау» бағыты бойынша:

І орын – Қали Аружан, Абай атындағы №4 мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы;

ІІ орын – Мұратұлы Ернияз, Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы;

ІІІ орын – Жұмат Алуа, С. Сейфуллин атындағы гимназиясының 9-сынып оқушысы.

Алғыс хат иегері – Абдысалиев Ералы, Қ. Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы.

«Эссе және әдеби ойлау» бағыты бойынша:

І орын – Жұмабек Диана, Абай атындағы №4 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы;

ІІ орын – Майлыбаева Мархабат, №27 жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;

ІІ орын – Нұржанқызы Аяжан, №3 жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;

ІІІ орын – Софина Құндыз, Қ. Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;

ІІІ орын – Секенова Ару, №7 жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;

ІІІ орын – Елікбай Жанайым, С. Сейфуллин атындағы гимназиясының 10-сынып оқушысы.

Жас жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!

Әрбір жеңістің артында талап, еңбек, ізденіс пен ұстаз қолдауы тұрады.

Оқушыларымыздың бойындағы шешендік қабілет, сөз өнеріне деген құрмет, ұлттық мұраға деген сүйіспеншілік пен әдеби талғам – рухани бай ұрпақ тәрбиелеудің жарқын көрінісі.

Жүлдегерлерді дайындаған ұстаздарға, оқушыларға қолдау көрсеткен ата-аналарға алғыс білдіреміз!

Жас дарындарымыздың шығармашылық жолы ашық, алар асулары биік, жеңістері көп болсын! Өнерлерің өрге жүзсін, талаптарыңа нұр жаусын!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-satpaev/press/news/details/1311098?lang=kk