2026 жылғы қыркүйекте Сәтбаев қаласының білім беру ұйымдары педагог-психологтерінің әдістемелік отырысы өтті. Отырысты білім бөлімінің әдіскері Молдашов Берик Сергалимович жүргізді.
№92 бұйрыққа енгізілген өзгерістер мен оларды мектептерде қолдану, оқушыларға арналған жеке қауіпсіздік курсы және «Mental Health NOBD» жүйесін 2026 жылғы қазаннан бастап іске қосу туралы ақпарат талқыланды.
Мектеп психологтарының біліктілігін арттыру мен супервизия жүйесін дамытуға бағытталған «Кәсіби кеме» қалалық психологиялық жобасының 2026–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы таныстырылды.
Педагог-психологтер күн тәртібіндегі мәселелермен танысып, өз пікірлерін білдірді.