Сәтбаевта Ұлттық мектеп лигасының ашылу салтанаты өтті

Сәтбаевта Ұлттық мектеп лигасының ашылу салтанаты өтті

2026 жылғы 28 қыркүйекте сағат 14:00-де Сәтбаев қалалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің базасында Ұлттық мектеп лигасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шара білім бөлімі және Спорт дамыту орталығымен келісілген.

Ашылу салтанатына қала мектептерінің оқушылары, дене шынықтыру мұғалімдері және жаттықтырушылар қатысты. Білім бөлімінің басшысы Б. Акишбеков пен Спорт дамыту орталығының директоры Р. Даумбаев мектеп спортын дамыту, оқушылардың денсаулығын нығайту және салауатты өмір салтын насихаттаудың маңыздылығын атап өтті.

Лига аясында 5–11-сынып оқушылары арасында жеңіл атлетика жарыстары басталды. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау көзделген.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-satpaev/press/news/details/1311094?lang=kk