«Махамбет оқулары» байқауының қалалық кезеңінің қорытындысы

«Махамбет оқулары» байқауының қалалық кезеңінің қорытындысы

«МАХАМБЕТ ОҚУЛАРЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

Сәтбаев қаласында қазақтың өр рухты ақыны, халық батыры Махамбет Өтемісұлының шығармашылық мұрасын насихаттау, оқушылардың көркем сөз оқу шеберлігін, шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында «Махамбет оқулары» байқауының қалалық кезеңі өткізілді.

Байқау бірнеше бағыт бойынша ұйымдастырылып, білім алушылар ақын шығармаларын мәнерлеп оқу, иллюстрациялық суреттер салу, жас ақындардың шығармашылығын таныту және тарихи-әдеби тақырыптарды қорғау бағыттарында өзара бақ сынады.

«Нарында» бағыты бойынша:

І орын – Үсен Ақмарал, №7 жалпы білім беретін мектебі;

ІІ орын – Аман Айару, №16 жалпы білім беретін мектебі;

ІІІ орын – Ибрахимов Рахат, Абай атындағы №4 мектеп-лицейі.

«Ел құтқарар ер едім...» бағыты бойынша:

ІІ орын – Нұрлан Ерасыл, №5 жалпы білім беретін мектебі;

ІІІ орын – Ерболатұлы Айсұлтан, Абай атындағы №4 мектеп-лицейі;

ІІІ орын – Рүстем Інжу, №7 жалпы білім беретін мектебі;

ІІІ орын – Ғалым Сұлтан, С.Сейфуллин атындағы гимназиясы.

«Тартынбай сөйлер асылмын...» бағыты бойынша:

І орын – Тұрсынбек Ханифа, Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясы;

ІІ орын – Бакенова Аяжан, Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-лицейі.

«Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер» бағыты бойынша:

І орын – Жанділда Інжу, С.Сейфуллин атындағы гимназиясы;

ІІ орын – Рахымжан Айым, Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясы;

ІІ орын – Қамбар Бейбіт, Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-лицейі;

ІІІ орын – Мақсұтбек Нұрислам, №7 жалпы білім беретін мектебі;

ІІІ орын – Жұмабай Жасмин, №16 жалпы білім беретін мектебі.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтай отырып, оларға алдағы байқауларда сәттілік, шығармашылық табыс тілейміз!

Ұлттық рухты ұлықтаған ұрпақ – ел болашағы!

Махамбет мұрасы – ұрпаққа аманат!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-satpaev/press/news/details/1311090?lang=kk