Сәтбаев қаласының Оқушылар сарайында Кәсіподақ күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Оған мектептер, балабақшалар және қосымша білім беру ұйымдарының кәсіподақ төрағалары мен мүшелері қатысты.
Марапаттарды Сәтбаев қаласы білім бөлімінің басшысы Акишбеков Берік Базылұлы және қалалық білім қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Ильясова Гульнар Жумабекқызы табыстады.
Кәсіподақ жұмысының дамуына үлес қосып, еңбек ұжымдарының қоғамдық өміріне белсенді қатысқан және әріптестерінің мүдделерін қорғауға атсалысқан қызметкерлерге құрмет көрсетілді. Іс-шарада еңбек адамын қолдау, ұжым бірлігін нығайту және қызметкерлердің құқықтарын қорғаудың маңыздылығы атап өтілді.