«Заң мен тәртіп» курсының негізгі қағидаттары мен талаптары бойынша семинар

«Заң мен тәртіп» курсының негізгі қағидаттары мен талаптары бойынша семинар

Сәтбаев қаласының білім бөлімі әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» курсы аясында «Негізгі қағидаттар мен талаптар» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты — курстың негізгі бағыттары мен талаптарын түсіндіру, білім беру ортасында заңдылық пен тәртіп қағидаттарын насихаттау.

Қатысушылар білім беру ұйымдарында курсты оқыту, сабақтарды талаптарға сай сапалы ұйымдастыру және өткізу мәселелерін талқылады. Әр ұйымға бекітілген құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуының маңыздылығына назар аударылды.

Семинар барысында курстың негізгі қағидаттары мен талаптары қарастырылып, құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы түсіндірілді. Білім беру ұйымдарында заңдылық пен тәртіпті сақтау мәселелері талқыланды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-satpaev/press/news/details/1311088?lang=kk