Жамбыл ауданында қазандық қызметкерлерімен профилактикалық жұмыс жүргізілді

Жамбыл ауданында қазандық қызметкерлерімен профилактикалық жұмыс жүргізілді

Жамбыл ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мемлекеттік мекемелердің қазандық жұмысшыларымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында өрт қауіпсіздігі, қазандық жабдықтарын дұрыс пайдалану және улы газбен уланудың алдын алу мәселелері түсіндірілді. Сондай-ақ төтенше жағдай кезіндегі әрекет ету тәртібі еске салынды. ТЖ қызметкерлері қауіпсіздік талаптарын сақтап, жабдықтардың жарамдылығын уақтылы тексеруге шақырды.

Жамбыл облысы ТЖД

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1311013?lang=kk