Шымкент қаласында тұрғыннан 10 миллион теңге бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тұрғынның арызы негізінде полиция қызметкерлері қорқыту арқылы ақша талап еткен екі азаматты жедел анықтап, қамауға алды. Сондай-ақ, күдіктілердің бірінің үйінен қаруға ұқсас екі зат пен төрт патрон тәркіленді.
Жүргізілген тергеу әрекеттері нәтижесінде бопсалау арқылы алынған «Mercedes-Benz» автокөлігі мен 300 мың теңге иесіне қайтарылды.
Сот шешімімен құқық бұзушыларға 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Полиция ескертеді: бопсалау — қылмыс. Азаматтардан ақша немесе мүлікті қорқыту арқылы талап ету заңмен жазаланады.
Шымкентте 10 миллион теңге бопсалаған екі азамат 5 жылға сотталды.
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1310723?lang=kk