Ұлттық мектеп лигасы аясындағы волейбол жарысы

Ұлттық мектеп лигасы аясындағы волейбол жарысы

2026 жылғы 13 қазанда Дене шынықтыру-сауықтыру орталығында Ұлттық мектеп лигасы аясында 4–5 сынып оқушылары арасында волейболдан аудандық жарыс өтті.

Жарысқа аудан мектептерінен 9 команда қатысып, жас спортшылар өздерінің шеберліктерін, ептіліктерін және командалық бірліктерін көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша:

I орын – Михайловка жалпы орта білім беру мектебі

II орын – №2 жалпы орта білім беру мектебі

III орын – Мыржақып Дулатұлы атындағы №3 жалпы орта білім беру мектебі

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! 

Барлық қатысушыларға алдағы жарыстарда сәттілік, биік белестер мен жаңа жеңістер тілейміз!

Спорт – денсаулық кепілі, ал бірлік – жеңістің негізі! 

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhelezin-bilim/press/news/details/1310684?lang=kk