Бүгін Шымкент қаласы Полиция департаменті Полиция полкінің жеке құрамымен 9 айда атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша жиын өткізілді.

Бүгін Шымкент қаласы Полиция департаменті Полиция полкінің жеке құрамымен 9 айда атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша жиын өткізілді.

Жиынға Департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Мылтықов Ұлықбек Тұрғынұлы, Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Бақытқали Кенжебаев, сондай-ақ полк басшылығы мен жеке құрам қатысты.

Жиын барысында есепті кезеңде атқарылған жұмыстар баяндалып, қызметтік міндеттердің орындалу нәтижелері сараланды. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша жол-көлік оқиғаларының саны, сондай-ақ жол-көлік оқиғалары салдарынан қаза тапқандар саны азайғаны атап өтілді.

Жиын қорытындысы бойынша алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру бойынша тапсырмалар берілді

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1310621?lang=kk