V Азия Пара ойындарының қатысушысы

V Азия Пара ойындарының қатысушысы
🇰🇿 🇯🇵Түркістан облысының спортшысы Мұқан Айтмырзаев Жапонияның Нагоя қаласында 18–24 қазан аралығында өтетін V Азия Пара ойындарына қатысады.
 
🏆 Мұқан Жұмабекұлы – пара жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының спорт шебері. Ол облыстық мүгедектерге арналған «Сауран» спорт клубының спортшысы.
 
📍 Жаттықтырушысы: Арыстанбек Орынбаев.
 
⚜️ 1994 жылы Түркістан облысы, Жетісай ауданына қарасты Ынтымақ ауылдық округінде дүниеге келген спортшы халықаралық Гран-прилердің бірнеше дүркін жүлдегері және Қазақстан чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы.
 
⚡️ Енді тәжірибелі спортшы Азия Пара ойындарында Ұлттық құрама сапында Отанымыздың абыройын қорғайды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-zhetisai/press/news/details/1310524?lang=kk