🌿ТАЗАЛЫҚ – ӨЗІМІЗДЕН БАСТАЛАДЫ!

🌿ТАЗАЛЫҚ – ӨЗІМІЗДЕН БАСТАЛАДЫ!

Державинск қаласындағы Н. Крупская атындағы №1 гимназияда 1–11 сынып оқушыларының қатысуымен жалпы мектепішілік сенбілік өтті.

Оқушылар мектеп аумағын тазалап, айналаны абаттандыруға өз үлестерін қосты. Бірлесе атқарған еңбектері арқылы тазалық пен тәртіптің әрқайсымыздан басталатынын көрсетті.

Мұндай іс-шаралар оқушыларды жауапкершілікке, еңбекқорлыққа және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелейді. Өйткені туған өлкеміздің тазалығы мен көркеюі – баршамызға ортақ міндет! 💚

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zharkain/press/news/details/1310487?lang=kk