Республикалық физика-математика мектебінің оқушыларын ауруханаға жатқызу жағдайы туралы

Республикалық физика-математика мектебінің оқушыларын ауруханаға жатқызу жағдайы туралы

2026 жылғы қазанның 12-13 аралығында Республикалық физика-математика мектебінің 47 оқушысы жедел ішек инфекциясының белгілерімен Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Қазір олардың бәрі дәрігерлердің бақылауында.

Интернатта тағы 8 бала оқшауланып, медициналық бақылауға алынды.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қаулысымен мектептің, интернаттың және ас блогының жұмысы уақытша тоқтатылды. Қазір мамандар тексеру жүргізіп, зертханалық зерттеулерге сынамалар алды.

Жағдай тиісті қызметтердің бақылауында.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-densaulyk/press/news/details/1310361?lang=kk