Солтүстік Қазақстан облысында жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында студенттерге арналған үлгілі сот процесі өткізілді

Солтүстік Қазақстан облысында жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында студенттерге арналған үлгілі сот процесі өткізілді

2026 жылғы 12 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы 23 колледждің және Манаш Қозыбаев атындағы университеттің студенттеріне арналған үлгілік сот процесін ұйымдастырды.

Іс-шара аясында студенттердің қатысуымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігінде көзделген, яғни қару қолдану арқылы бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған облыстың төрт жас тұрғынына қатысты сот үкімі жарияланды.

Сотталғандардың әрқайсысына 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 63-бабына сәйкес тағайындалған жаза шартты деп есептелді.

Іс-шараға облыс колледждері мен университетінің 1 580 студенті бейнеконференцбайланыс арқылы қатысты.

Үлгілік сот процесінің негізгі мақсаты – жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, «Заң мен тәртіп» идеологиясын қалыптастыру, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу және қылмыстардың алдын алу.

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1310249?lang=kk