Ақтүбек ауылдық округінде қысқы жылыту маусымына дайындық аясында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрт оқиғаларының алдын алу жұмыстары басталды.
Аталған шаралар шеңберінде жалғызбасты қарт азаматтардың тұрғын үйлеріндегі пештердің жай-күйі тексеріліп, олардың қысқы жылыту маусымына дайындығы бақылауға алынуда. Сонымен қатар, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, пештерді дұрыс пайдалану және төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.