Ауыл тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді барынша қолжетімді әрі ыңғайлы ету мақсатында арнайы жабдықталған «Өзіне-өзі қызмет ету бұрышы» жұмыс істеуде. Осыған орай, тұрғындарға электрондық үкімет (eGov.kz) порталы арқылы қажетті анықтамалар мен қызметтерді өз бетінше алу бойынша практикалық көмек көрсетілді.
Сонымен қатар, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру бағытында арнайы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мамандар электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалану, мобильді қосымшалар арқылы қызметтерге тапсырыс беру жолдарын түсіндіріп, азаматтардың барлық сұрақтарына жауап берді. Бұл бастама тұрғындардың уақытын үнемдеуге және мемлекеттік қызметтерді ауылдан шықпай-ақ жылдам алуға толық мүмкіндік береді.
Ауыл тұрғындарына өзіне-өзі қызмет ету бұрышы арқылы қызмет көрсетіліп,түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhanama/press/news/details/1309812?lang=kk