Шымкент қаласында қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілуде.
Полиция қызметкерлері қоғамдық тамақтану орындарын тексеріп, азаматтарға заң талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бірнеше кафе мен мейрамханада қорқытып ақша талап ету жағдайлары анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Мақсат – құқық бұзушылықтарға жол бермеу, қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Заңды сақтау – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі!
Қоғамдық тәртіп - ортақ міндет!
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1309780?lang=kk