Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау күніне
Саран қаласының жергілікті бюджетінен біржолғы ақшалай көмек көрсетілді.
Төлем мөлшері:
* 5 АЕК (21 625 теңге) - I, II және III топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
* 10 АЕК (43 250 теңге) - мүгедектігі бар 18 жасқа дейінгі балаларға.
Аталған шара мүгедектігі бар азаматтарға қосымша әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған.
Егер адамда бірнеше негіз болса (мысалы, 8 наурызға орай көп балалы отбасыларға және марапатталған аналарға, Жеңіс күніне орай - тыл еңбеккерлеріне төлем жүргізілді), төлем олардың біреуі бойынша ғана - сомасы ең көп болатын жағдайда тағайындалады.
Осылайша, егер ағымдағы жылы төлем Жеңіс күні мерекесіне немесе 8 наурызға, 1 қазанға немесе мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау күніне жүргізілсе, онда азамат жылына екінші рет төлем ала алмайды.
Ағымдағы жылдан бастап әртүрлі санаттар бойынша төлемдерді жинақтау заңнамада көзделмеген.
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау күніне біржолғы ақшалай көмек
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/social-saran/press/news/details/1309778?lang=kk