Құқықтық тәртіп: екі әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Құқықтық тәртіп: екі әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

20 тамыз күні «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Бейнеу ауылында 42 жастағы тұрғынға қатысты екі әкімшілік құқық бұзушылық фактісі анықталды.

Полиция қызметкерлері азаматтың қоғамдық орында алкогольдік ішімдік ішіп, орташа дәрежедегі масаң күйде болғанын анықтады. Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.

Сонымен қатар медициналық куәландыру барысында азаматтың несеп үлгісінен каннабиноидтар метаболиттері анықталған. Осы дерек бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 440-1-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді.

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жалғастыруда.

Заң мен тәртіп – қоғам қауіпсіздігінің негізі.

https://www.instagram.com/reel/DcQlED2u79F/?utm_source=ig_web_copy_link&igsi=MzRlODBiNWFlZA==