2026 жылғы 29 қыркүйекте Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Шет ауданының ауруханасы» ШЖҚ КМК Ақадыр станциясының ауылдық ауруханасы ұйымдастырған Ақадыр станциясындағы көлік жұмыскерлерінің мерзімді медициналық қарап-тексеру нәтижелерін қорытындылау отырысына қатысты. Отырыс барысында теміржол ұйымдарының өкілдерімен міндетті мерзімді медициналық қарап-тексерулерді жүргізу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар тұмау мен қызылшаның алдын алу шаралары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара аясында тұмау, туляремия және басқа да жұқпалы аурулардың алдын алу жөніндегі ақпараттық жадынамалар таратылды.
Көлік жұмыскерлерінің мерзімді медициналық қарап-тексеру нәтижелері қорытындыланды