Лос-Анджелеске бастар алғашқы қадам: ауыр атлетикадан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі

Ауыр атлетикадан 27 қазан - 8 қараша күндері аралығында Қытайдың Нинбо қаласында ересектер арасындағы әлем чемпионаты өтеді.

Алдағы жарыс 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына (LA28) іріктеудің алғашқы ресми кезеңі болмақ. Сондай-ақ әлем чемпионаты жаңартылған салмақ бойынша ұйымдастырылады.

Қазақстан құрамасының тізімі:

Ерлер:

75 келі. Петр Хребтов
85 келі. Едіге Емберді, Алексей Чуркин
95 келі. Нұрғиса Әділетұлы
110 келі. Артем Антропов

Әйелдер:

77 келі. Аянат Жұмағали
+86 келі. Любовь Ковальчук

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1309589?lang=kk