Margulan University студенттеріне ЖИ қолданудың алдын алу және тәуекелдері туралы айтылды.

Margulan University студенттеріне ЖИ қолданудың алдын алу және тәуекелдері туралы айтылды.

«Заң және тәртіп» идеологемасын ілгерілету шеңберінде «Margulan University» киберқауіпсіздік мәселелеріне арналған 1-курс студенттерімен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

Іс-шара барысында «жасанды интеллекттің көлеңкелі жағы»тақырыбына және кибер алаяқтықтың заманауи түрлеріне ерекше назар аударылды. Студенттерге жасанды интеллект технологияларын қылмыстық мақсатта пайдалану тәуекелдері, интернет-алаяқтықтың кең таралған схемалары, сондай-ақ дербес деректер мен ақша қаражаттарын қорғау шаралары туралы айтылды.

Профилактикалық жұмыстармен 100-ге жуық студент қамтылды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-pavlodar/press/news/details/1309562?lang=kk