Мәслихаттың кезектен тыс сессиясы

        2026 жылғы 12 қазанда Нурлан Зарлыкович Уразалиновтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті.

         Сессияда депутаттар мәслихаттың Жітіқара ауданының 2026-2028 жылдарға арналған Жітіқара қаласының, ауылдар мен ауылдық округтердің бюджеті туралы шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы, Жітіқара ауданы бойынша 2027 жылға арналған оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолдану кезіндегі салық мөлшерлемесінің мөлшері туралы  мәселелерді қарады.

          Жұмысқа Жітіқара ауданының әкімі А.А. Жаныспаев, Жітіқара ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы, аудан әкімінің орынбасарлары, қала, ауыл және ауылдық округ әкімдері, БАҚ өкілдері қатысты.

          Отырыс барысында қызықтырған сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді.

          Сессия отырысының қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhitikara/press/news/details/1309541?lang=kk