Қазақстан азаматтарына Мемлекеттік шекарадан өткені туралы мәлімет алу үшін енді ХҚКО-ға барудың қажеті жоқ. Құжатты eGov.kz порталы немесе eGov Mobile қосымшасы арқылы онлайн алуға болады.
Электронды анықтамада таңдалған кезең бойынша шекарадан өткен фактілер туралы ақпарат көрсетіледі.
Құжатты қалай алуға болады?
eGov.kz порталына немесе eGov Mobile қосымшасына авторизациядан өту.
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өту туралы анықтама беру» қызметін таңдау.
Анықтаманың кімге берілетінін көрсету: өзіңізге, кәмелетке толмаған балаңызға немесе заңды өкілге.
Қажетті кезеңді таңдап, сұрау жіберу.
Өтінімге қолжетімді тәсілдердің бірі арқылы қол қою.
Дайын құжат «Менің профилім» → «Жеке кабинет» бөлімінде пайда болады.
Қызмет көрсету мерзімі — 15 минутқа дейін.
Қызмет тегін көрсетіледі.
Бір сұраныс арқылы үш айдан аспайтын кезең бойынша мәлімет алуға болады.