Әуезов ауданында «Таза Қазақстан» аясында кезекті сенбілік өтті

Әуезов ауданында «Таза Қазақстан» аясында кезекті сенбілік өтті

10 қазан күні Алматы қаласының Әуезов ауданындағы Таугүл-2 шағынауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы аясында сенбілік ұйымдастырылды.

Тазалық шарасына 200-ден астам адам, оның ішінде аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, коммуналдық қызмет мамандары, білім беру ұйымдарының өкілдері, еріктілер, кәсіпкерлер және аудан тұрғындары қатысты.

Сенбілік барысында коммуналдық қызметтер тарапынан 50 жұмысшы мен 8 арнайы техника жұмылдырылып, 200 дана құрал-сайман пайдаланылды. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 40 текше метр қоқыс шығарылды.

Аталған іс-шара аудан аумағының санитарлық жағдайын жақсартуға және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1308858?lang=kk