«Қамқор» жобасы аясында Дарынды балаларға арналған Жыланды мамандандырылған лицей-интернатында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Акцияның негізгі мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатты қорғауға және туған өлкенің тазалығын сақтауға тәрбиелеу. Іс-шараға 1–11 сынып оқушылары мен лицей ұжымы белсене қатысып, білім ордасының аумағын қоқыстан тазартып, айналаның көркеюіне үлес қосты.
Тазалық – ортақ жауапкершілік. Осындай игі бастамалар жас ұрпақты еңбекқорлыққа, жауапкершілікке және қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға тәрбиелейді.