Шортанды ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында «Ашық есік күні» өткізілді

Шортанды  ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында «Ашық есік күні» өткізілді

07 қазанда  Шортанды  ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында өткізілген «Ашық есік күні» акциясы аясында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері салық төлеушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында салық төлеушілердің салық заңнамасын қолдануға, соның ішінде жеке тұлғалардың табыс салығына, әлеуметтік салыққа және басқа да мәселелерге қатысты сұрақтарына жауаптар берілді.

Сондай-ақ, шара кезінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша сауалнама жүргізілді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1308559?lang=kk