Көкшетау қаласында жаңа 2026–2027 оқу жылына дайындық мәселелеріне арналған дәстүрлі тамыз кеңесі өтті.
Кеңес барысында қала әкімі білім беру жүйесін дамытудағы негізгі міндеттерді атап өтті. Биыл 11 мектеп пен 3 мектепке дейінгі ұйымның ағымдағы жөндеу жұмыстарына 321,9 млн теңге бөлінді. №12 және №16 мектептерде жалпы сомасы шамамен 2 млрд теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ Чайкино шағын ауданында 120 орындық жаңа мектептің құрылысы жалғасуда.
Білім сапасын арттыруға, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, физика-математикалық және инженерлік бағыттарды дамытуға, сондай-ақ кәсіби бағдар беру жұмыстарына ерекше назар аударылды.
Жиын соңында қала әкімі ұстаздарға кәсіби еңбегі мен білім саласының дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Сала үздіктері сертификаттармен және алғыс хаттармен марапатталды.