АУЫЛДЫҚ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ЖЫЛУ ЖҮЙЕЛЕРІ ТЕКСЕРІЛДІ

АУЫЛДЫҚ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ЖЫЛУ ЖҮЙЕЛЕРІ ТЕКСЕРІЛДІ
Бүгін ауылдық округ аумағындағы мекемелерде күзгі-қысқы жылыту маусымына дайындық барысын бақылау мақсатында тексеру жұмыстары жүргізілді.
 
Тексеру барысында мекемелердің қазандықтары (котелдары), жылу жүйелерінің жай-күйі және жылыту маусымына дайындығы қаралды.
 
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – алдағы жылыту маусымында мекемелердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау және ықтимал ақаулардың алдын алу.
 
Жылыту маусымына дайындық – басты назарда!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-tamdy/press/news/details/1308357?lang=kk