«Дала дәмі» республикалық жобасы аясындағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі

«Дала дәмі» республикалық жобасы аясындағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі

2026 жылғы 10 қазанда сағат 09:00-де Қостанай қаласында «Дала дәмі» республикалық жобасы аясында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

Іс-шара Войнов-Интернационалистов және Генерал Арыстанбеков көшелерінің қиылысындағы жабық сауда алаңында ұйымдастырылады.

Жәрмеңкеде тұрғындарға ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылады. Іс-шараның мақсаты – жергілікті өндірушілерді қолдау және халықты сапалы, қолжетімді азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1308309?lang=kk