Қарттар мен мүгедектерге қайырылымдылық көмек көрсетілді

Қарттар мен мүгедектерге қайырылымдылық көмек көрсетілді

Қарттар мен мүгедектер күніне орай Ақтүбек ауылдық округінде қайырылымдылық шарасы ұйымдастырылды. Шара аясында ауылдағы бірқатар қарт азаматтар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға азық-түлік түрінде көмек көрсетілді. Аталған игі шараның мақсаты - аға буын өкілдеріне құрмет көрсету, әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға қамқорлық таныту және қоғамда мейірілімділік пен қайырылымдылық құндылықтарын насихаттау.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-aktubek/press/news/details/1308291?lang=kk