ШЫМКЕНТ-ДЕБРЕЦЕН БИЗНЕС ФОРУМЫ ӨТТІ

ШЫМКЕНТ-ДЕБРЕЦЕН БИЗНЕС ФОРУМЫ ӨТТІ

Шымкент қаласына Венгрияның Дебрецен қаласының мэрі бастаған делегация ресми сапармен келді.

Форум барысында тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту, іскерлік байланыстарды нығайту, сондай-ақ бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады.

Делегацияға Шымкент қаласының инвестициялық әлеуеті мен мүмкіндіктері таныстырылып, қалада инвесторларға жасалған қолайлы жағдайлар, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың артықшылықтары, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат берілді. Шымкент пен Дебрецен арасындағы серіктестік өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге, жаңа іскерлік байланыстар орнатуға және екі қала арасындағы қарым- қатынасты одан әрі нығайтуға бағытталған маңызды қадам.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-kasipkerlik/press/news/details/1307904?lang=kk