2026 жылғы 20 тамызда бекітілген кестеге сәйкес №1 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі куәландыру мақсатында көшпелі отырыс өткізу үшін Шарбақты ауданына барды. Сондай-ақ, №1 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы А .Ж. Мамырханова Шарбақты ауруханасының дәрігерлерімен құжаттармен жұмыс, МӘС-ке жіберу кезіндегі қателіктер, мүгедектікті мерзімсіз тағайындауды белгілеу қағидалары тақырыбында семинар-кеңес өткізді.
Шарбақты ауданына МӘС бөлімінің көшпелі отырысы.
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-pavlodar/press/news/details/1280655?lang=kk