ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ – БАТЫРЛАРҒА ҚҰРМЕТ

ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ – БАТЫРЛАРҒА ҚҰРМЕТ

Қуатбек Ғафан Жомартұлы – қызметке адалдығы мен қайсарлығы әріптестері жадында жатталған азамат. 1995 жылы Жамбыл ауданында дүниеге келген Ғафан 2016 жылы азаматтық қорғау органдарына қызметке келді. Өрт сөндіруші-құтқарушы, кейін жүргізуші-қызметкер болып, талай төтенше жағдайда ел қауіпсіздігіне қызмет етті. 2021 жылдың 26 тамызында Тараз маңындағы оқ-дәрі қоймасында болған жарылыс пен өрт кезінде қызметтік борышын атқарып, қаза тапты. Ол үшін ант – жай сөз емес, өмірлік ұстаным еді. Ғафанның есімі елге қызмет етудің, сертке беріктіктің және азаматтық жауапкершіліктің өнегесі болып қала береді. Батырдың аты өлмейді… @112jambyl

Жамбыл облысы ТЖД

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1280640?lang=kk