«Күзгі асар»: табиғаттан туған туындылар

«Күзгі асар»: табиғаттан туған туындылар

Бүгін «Адал азамат» республикалық бағдарламасының «Еңбек адамы» бағыты аясында Павлодарлық М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Күзгі асар» облыстық жәрмеңке-көрмесі өтті. 

Көрмеге Павлодар облысының барлық аудандары мен қалаларынан іріктелген 120 үздік шығармашылық жұмыс ұсынылып, шараға 500-ден астам бала, ата-ана және педагог қатысты.

Күздің көркем бояуы балалардың қиялымен үйлесіп, табиғи материалдардан жасалған ерекше композициялар мен сәндік бұйымдарға айналды. Бүр, жапырақ, бұтақ пен дәннен жасалған әр туынды – баланың шығармашылық ізденісінің нәтижесі.

Біздің көрменің ерекшелігі – балалар мен ата-аналардың бірлескен еңбегі. Ортақ шығармашылық арқылы отбасы мүшелері уақытын мазмұнды өткізіп, бала қиялы мен еңбекке деген қызығушылығын бірге қалыптастырды, - дейді Оқушылар сарайының әдіскері Алена Шияненко. 
Экспозицияда мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілерінің, жалпы білім беретін, арнайы және мамандандырылған білім беру ұйымдары оқушыларының жұмыстары қойылды.

«Күзгі асар» аясында оқушылар көрмені аралап, сәндік-қолданбалы өнердің түрлі бағыттарымен танысты. Іс-шара соңында балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылып, қызықты ойындар мен интерактивті тапсырмалар мерекелік көңіл күй сыйлады.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1307613?lang=kk