Конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурсты ұйымдастырушы: «Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ.

Электрондық пошта мекенжайы: oblup@krg.gov.kz                                 

Байланыс телефоны:  8/7212/50-38-73 (ішкі 6324).

Конкурстың нысанасы:  әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері мен «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалистері үшін бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру.

Конкурс нысаны: ашық конкурс.

Конкурсқа қатысу үшін өтінім беру орны: «KEZEKTE.KZ» субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер бекітілген нысан бойынша электрондық өтінім мен конкурстық құжаттаманың толық пакетін ұсынады.

Өтінімді дайындау, құжаттарды жинау және ұсыну мәселелері бойынша консультациялық қолдау алу:

Теміртау қаласының кәсіпкерлері үшін: «Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ, пошталық мекенжайы: 101400, Теміртау қаласы, Тәуелсіздік бульвары көшесі, 9, 332-кабинет, электрондық пошта мекенжайы: gu_tem@mail.ru байланыс телефоны: 8 (7213) 41-01-43;

«Атамекен» аймақтық кәсіпкерлер палатасы және олардың Қарағанды облысының қалалары мен аудандарындағы филиалдары.

Өтінімдерді ұсыну мерзімі: 2026 жылғы 19 - 23 қазанға дейін.

Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылдауға жатпайды.

Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің ресми сайтында танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-industry/about?lang=kk

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kasipkerlik-temirtau/press/news/details/1307371?lang=kk