Ауыл экономикасына серпін: май өңдеу зауыты іске қосылды

Ауыл экономикасына серпін: май өңдеу зауыты іске қосылды

Бүгін ауылымызда көптен күткен май өңдеу зауытының ашылу салтанаты өтіп, жаңа өндіріс орны жұмысын бастады.

Салтанатты шараға Алакөл ауданының әкімі Абдинов Алмас Сапарғалиұлы арнайы қатысып, ауыл тұрғындары мен кәсіпорын ұжымын жаңа өндіріс орнының іске қосылуымен құттықтады. Өз сөзінде аудан әкімі жаңа кәсіпорынның ауыл экономикасын дамытудағы маңыздылығына тоқталып, өндіріс орнының жұмысына сәттілік тіледі.

Шараға ауыл тұрғындарымен қатар, ауданнан келген қонақтар және көршілес ауылдардағы шаруа қожалықтарының басшылары қатысты.

Ашылу салтанаты барысында жаңа зауыттың символдық лентасы қиылып, кәсіпорынның ресми түрде жұмысы басталды.

Май өңдеу зауытының іске қосылуы – ауылдағы өндірісті дамытуға, жергілікті шикізатты тиімді пайдалануға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретін маңызды қадам. Кәсіпорын алдағы уақытта 10-ға жуық ауыл тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр.

Жаңа өндіріс орнының ашылуы ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал етіп, жергілікті тұрғындар үшін жаңа жұмыс орындары мен мүмкіндіктер қалыптастыруға жол ашады.

Жаңа кәсіпорынның жұмысына сәттілік, өндіріс

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-ekpindi/press/news/details/1307252?lang=kk