«Заңсыз келуші-2026»: Жамбыл облысында 88 шетел азаматы Қазақстаннан 5 жылға шығарылдыет

«Заңсыз келуші-2026»: Жамбыл облысында 88 шетел азаматы Қазақстаннан 5 жылға шығарылдыет

«Заңсыз келуші-2026»: Жамбыл облысында 88 шетел азаматы Қазақстаннан 5 жылға шығарылды

Жамбыл облысында жүргізіліп жатқан «Заңсыз келуші-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері екі күнде 254 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті. 

Көші-қон заңы талаптарын бұзған 88 шетел азаматы Қазақстан Республикасынан 5 жыл мерзімге әкімшілік жолмен шығарылды.

Сонымен қатар, жедел іс-шара кезінде халықаралық іздеуде жүрген 5 шетел азаматы анықталды. 

Шетел азаматтарының ел аумағында болу тәртібін бұзуына жол берген 57 Қазақстан азаматы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы қолданылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болу заңдылығын тексеру, көші-қон заңнамасының талаптарын сақтауын қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Ескерту: «Заңсыз келуші-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы 10 қазанға дейін жалғасады.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhambyl/press/news/details/1307244?lang=kk