Шымкентте полиция тоғыз айды қорытындылады

Шымкентте полиция тоғыз айды қорытындылады

Шымкент қаласының полиция департаментінде 2026 жылдың тоғыз айында атқарылған жұмыстар қорытындыланған жедел кеңес өтті. Жиында жедел-қызметтік жұмыстың нәтижелері, қоғамдық қауіпсіздік және жеке құрам арасындағы тәртіп пен заңдылық мәселелері қаралды.

Есепті кезеңде ұрлық 26,9%-ға, оның ішінде пәтер ұрлығы 42%-ға, тонау 41,7%-ға азайды. Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар 21,1%-ға, көшелердегі қылмыстар 17,8%-ға, алкогольдік масаң күйде жасалған қылмыстар 11%-ға төмендеді. Жалпы қылмыстардың ашылу деңгейі артты.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде заманауи технологиялар белсенді қолданылуда. Дрондардың көмегімен 8000-ға жуық құқық бұзушылық анықталды. Қаладағы 292 мектеп, 475 балабақша мен 39 колледж бейнебақылау жүйесі арқылы Жедел басқару орталығына қосылған.

Сондай-ақ құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидатына ерекше назар аударылды. Шымкенттегі қауіпсіздік деңгейі төмен орындар мен ойын-сауық орындарының рейтингі жаңартылып, профилактикалық жұмыстар күшейтіледі.

Кеңес қорытындысында қылмыстың алдын алу, қоғамдық және жол қауіпсіздігін күшейту бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1307212?lang=kk