ӨКІЛ №8 ОБЛЫСТЫҚ САНАТОРИЯЛЫҚ МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНА БАРДЫ

ӨКІЛ №8 ОБЛЫСТЫҚ САНАТОРИЯЛЫҚ МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНА БАРДЫ

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев Қызылорда облысының білім басқармасының «№ 8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барды.

          Бару барысында білім алушылардың оқу, тұру және тәрбиелену жағдайлары, олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы зерделенді.

          Сонымен қатар мектеп-интернаттағы санитариялық-гигиеналық жағдайларға, медициналық қызмет көрсетуге, тамақтандыруға, қауіпсіздікке және білім алушылардың бос уақытын ұйымдастыруға назар аударылды.

          Бару барысында анықталған мәселелер бойынша тиісті шаралар қабылдау үшін бірқатар ұсынымдар әзірленді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-kyzylorda-oblysy/press/news/details/1307203?lang=kk