Департаментте әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті

Департаментте әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті
Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде Департамент қызметкерлері мен оның аумақтық бөлімшелерінің мамандарына арналған семинар-кеңес өтті.
 
Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, қоғамда адалдық пен әділдік қағидаттарын орнықтыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормалары мен кәсіби мінез-құлық талаптарын сақтау мәселелері талқыланды.
 
«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ! Адалдық – әділетті қоғамның негізі» тақырыбында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Аманжол Қусаинов баяндама жасады.
 
Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп талаптары, мінез-құлық стандарттары және белгіленген нормаларды сақтаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
 
Семинар-кеңес соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1307196?lang=kk