2026 жылдың 1 шілдесінен бастап аяқталған құрылыс нысандарының қозғалыс мүмкіндігі шектеулі жандар мен мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділігін тексеруге қатысты жаңа ережелер күшіне енеді.
Аймақтық бөлімшелердің мамандары нысандарға барып, іргелес аумақтар мен кіреберістерден бастап ғимарат ішіндегі қозғалыс бағыттарына, қызмет көрсету аймақтары мен санитарлық тораптарға дейінгі барлық элементті тексеріп шығады.
Қолжетімділік тексерісінің қалай жүргізілетінін және мамандардың неге назар аударатынын көру үшін бейнероликті қараңыз.